Айдана Меденова қатерлі ісікке шалдыққан Алима Көпейдің еміне 1 миллион теңге аударды

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

Мәселен, Айдана Меденова Алима Көпейдің еміне 1 миллион теңге аударды. Өнер иесі бұл қаржыны жинау үшін тыңдармандары арасында байқау ұйымдастырған.

“Алланың қалауымен, жоспарымызды іске асырдық. Атсалысқан барша жандарға рақмет. Біз мұны бірге жасадық”, – деп қуанышымен бөлісті Айдана.

Сондай-ақ, Меденова Кореяда жүрген кезінде ауруханаға арнайы атбасын бұрып, Алиманың жағдайын біліп қайтқан-ды.

Оқи отырыңыз:


Қоғамдық ұйымдар Зағипа Балиеваны "Асыл ана" деп атауды ұсынды

Қазақстан Қытайға астықты жеткізу көлемін 1 млн тоннаға дейін ұлғайтуы мүмкін

Алматыда ірі жол апатынан үш адам зардап шекті