Жарияланды: 60

Алматыда ірі жол апатынан үш адам зардап шекті

Алматыда ірі жол апатынан үш адам зардап шекті

Оқиға куәгерлері айтқандай, BMW жүргізушісі қызылға өтіп кеткен

Алматыда төрт көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар, деп хабарлады Sputnik құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Жол апаты Гоголь көшесі мен Назарбаев даңғылы қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, BMW Гоголь бойымен батыс бағытта келе жатады, бағдаршам қызыл жанғанына қарамастан, қозғалысын жалғастыра берген. Сол кезде Назарбаев даңғылымен солтүстік бағытта Volkswagen Transporter келе жатқан. BMW бар жылдамдықпен Volkswagen көлігін қағып, салдарынан ол бір қырына аударылып, оңтүстік бағытта келе жатқан ВАЗ-2114 көлігін соғады. ВАЗ-2114 Назарбаев даңғылында оңтүстік бағытта келе жатқан Hyundai Elantra көлігіне соғылған.

Жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті – Volkswagen көлігінің екі жолаушысы, ВАЗ-2114 жолаушысы.

Оқи отырыңыз: 

Қазақстан Қытайға астықты жеткізу көлемін 1 млн тоннаға дейін ұлғайтуы мүмкін

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін