Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Айнұр Тұрсынбаеваның Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Мен алғаш мотивациялық кітаптарды ақтарып бастағанда ең бірінші оқығаным Зеландтың “ТРАНСЕРФИНГ” кітабы болды. Қатты ұнаған соң қазақшалай бастадым... Келіспейтін жерлерім де бар әрине. Ішінде атақты “стақандағы су” техникасы туралы жазылған.. Кейіннен ютубта батыстың эзотериктерінің басым бөлігі соны қолданатынын білдім. Діннен хабары бар бір ағадан сұрағанымда “суға дем салып ішу исламда да бар” дегесін сабақтарымда өзім де қолдандым. Мен біраз болды араб тілін үйреніп бастап жатырмын... Арасында аят, сүре, хадистерді оқимын. Ең қызығы Зеландтың да, Кехоның да, Диспензоның да, басқаларының да айтып жүргендері құранда бар болып шықты.. Және жасап жүрген техникаларыма күдік пайда болды... Жолдасым құранды емін-еркін болмаса да бір кісідей оқи алады , осыны нақтылап берші деп едім, “сен дем салып үйретіп жатқан жоқсың, судан сұратып үйретіп кетіпсің, бұл күнәнің үлкені” деп кесіп айтты... Сонымен 2 рәкағат тауба намазын оқып, ол техниканы тоқтатып тастағаныма 1 айдан асқан... Қызық болғанда тоқтатқан күннен бастап алдымнан айналып шыға берді.. Айқайлап айтып жүргенде ешкім үндемей, енді жауып тастағанда неге бұл тақырып ушығып кетті деген ойға қалдым... Құранды еркін оқитын бір мұсылманға хабарласып “неге бұлай болып жатыр” деп кеңес сұрасам “жұрт сенің тоқтатқаныңды білмейді ғой, жұрттың алдындағы абыройды емес Аллланың алдындағы абыройды ойлап бұл техниканы мүлде қолданбайтыныңызды айтып, қателескеніңізді мойындап пост жазсаңызшы” деді... Алланың мейірімі анамыздан 99 есе көп екен ғой, әлбетте қателескеннің дүұғасын қабыл етеді...
Басым жерге жеткенше иіліп сіздерден де кешірім сұраймын... Бүгінгі қари кісіден естіген бір жақсы дүнием, ауырған адам суға өзі дем салып Фатиха, Фалақ, Нас сүресін оқып жіберіп ішсе Алла шипасын береді екен... Лайым, Алла бізді адасудан сақтасын", - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.
Естеріңізге сала кетейік, жақында айтыскер ақын күйеуінің суретін жариялап, арнайы пост жариялаған болатын.