Айнұр Тұрсынбаева: Ажырасып үйлену деген мақтаныш емес болғасын тағдырымды айқайлап айта бергім келмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айнұр Тұрсынбаева: Ажырасып үйлену деген мақтаныш емес болғасын тағдырымды айқайлап айта бергім келмейді

Айнұр Тұрсынбаева: Ажырасып үйлену деген мақтаныш емес болғасын тағдырымды айқайлап айта бергім келмейді

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желісіндегі парақшасында жаңа жазбасын жариялады.

  • 20 Қазан 2020
  • 354
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ақын Instagram желісіндегі парақшасында күйеуімен түскен суретін жариялап, шытырман хикаяға толы тағдыры туралы көп айтқысы келмейтінін айтты.

"Менің өмірім неге соншалықты қызық болып кеткенін білмеймін, әйтеуір отбасылық суреттерім бүкіл сайтта өріп жүр.. Мен үшін ешкімнің өмірі қызық емес, жеткен жетістігі мен өнегесі ғана қызық.. Оның үстіне ажырасып үйлену деген мақтаныш емес болғасын шытырман хикаяға толы тағдырымды айқайлап айта бергім келмейді", — деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Естеріңізге сала кетейік, айтыскер ақын жақында ғана өзінің шыққан шұжықтарының презентациясын Түркия елінде дүркіретіп өткізген болатын.


Соңғы жаңалықтар