Алматы облысында тау шатқалында ресейлік турист қаза тапты

Қазақстандық құтқарушылар Алматы облысында тау шатқалында қалып қойған ресейлік туристерді шығарып алуда, деп хабарлады Қазақстан ТЖ жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Алматы облысындағы тауларға сегіз турист барған  — бәрі Ресей азаматтары. Таудағы Ақсу өзенінен өтерде туристердің бірі өзенге құлап, батып кеткен. Қайғылы оқиға Талдықорғаннан 120 шақырым қашықтықта болыпты. Қазір құтқарушылар туристерді шатқалдан шығарып алып жатыр.

Хабар 10 маусымда кешкі сағат сегізден кейін түскен. Құтқарушылар оқиға орнына бірден аттанып, Ақсу ауданына түн ортасында жетті.

Туристер Алматы облысы жедел құтқару жасағында ресми тіркеуден өтпепті.


Оқи отырыңыз:

Мың айдан да ардақты - Қадір түні

"Екі бала тусам деп армандаймын" - Сәуле Әбілдаханқызы

Қазақстандықтар бензинге 600 млрд теңге жұмсаған