Қазақстандықтар бензинге 600 млрд теңге жұмсаған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар бензинге 600 млрд теңге жұмсаған

Қазақстандықтар бензинге 600 млрд теңге жұмсаған

Қазақстандық жанар-жағармай стансаларында мұнай өнiмдерiнiң бөлшек сауда көлемi 2017 жылы 886,8 млрд теңгенi құрады.

  • 11 Маусым 2018
  • 85
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған көрсеткiш 2016 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 21,3 пайызға өскен. Ол кездегi сома 730,7 млрд теңгенi құраған едi.

Өткен жылы 601,2 млрд теңгенiң бензинi сатылды. Жылдық өсiмi 16,7 пайызды құрады. Сондай-ақ, былтыр 233,5 млрд теңгенiң дизельдiк отыны сатылды. Жылдық өсiмi 25,8 пайызды құрады. Және де, 52,1 млрд теңгенiң сұйытылған пропаны мен бутаны сатылды. Жылдық өсiмi 80,5 пайызды құрады.

Статистика комитетiнiң мәлiметiнше, 2017 жылы 5,3 мың жанар-жағармай, газ және газ толтыру стансалары тiркелген. Оның 3,8 мыңы — жанар-жағармай стансасы, 1,5 мыңы — газ стансасы, 11-i — газ толтыру стансасы.


Соңғы жаңалықтар