ҚР Ішкі істер министрлігі 7 жыл бұрын із-түзсіз кеткен ер адамға іздеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кішібаев Айдар Науханұлының туыстары оны іздеуге көмектесу туралы өтініш берді. Ұлының із-түзсіз кеткені туралы анасы полицияға хабар бермеген», - дейді ІІМ өкілдері.
11 сәуірде «ҚазАқпарат» редакциясына Еуразия заң академиясының оқытушысы Алима Скагиеваның студенттері хабарласып, оның 7 жыл бұрын кеткен ұлы әлі күнге оралмағанын айтқан болатын.
Әйелдің айтуынша, ол «Жди меня», «Бармысың, бауырым?» бағдарламаларының көмегіне жүгінген. Алайда құқық қорғау органдарына сенімсіз болғандықтан полицияға өтініш жазбаған.
«Ұлым үйден кеткелі әлі оралған жоқ. Оның көру қабілеті нашар еді, бір көзінің жанары - минус 7,5, екіншісі - 5,5. Келесі күні ол офтальмология институтына баруы тиіс еді. Апталап жоғалып кететін әдеті жоқ емес еді. Мен ұлым оралады деп үміттеніп жүре бердім», - дейді әйел.
Кішібаев Айдар Науханұлы 1971 жылғы 18 қазанда Алматы облысы, Қапшағай қаласында туған. Ұлты қазақ, бойы 170 см, салмағы 65-66 кг, шашы ағарған. 2011 жылғы 27 ақпанда Алматының Абай-Масаншы көшелерінің қиылысындағы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Сол кезде үстінде қыша түсті күртке, қара джинсы шалбар болған.
Ол туралы бірер ақпаратқа ие адамдардан редакцияға немесе +7778 3866650 нөміріне хабар беруін сұраймыз.
Оқи отырыңыз:
Мүфтият жасанды ұрықтандыруға қатысты жаңа пәтуа шығарды
АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Барбара Буш өмірден озды