Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Өздеріңіз білетіндей, сенбі күні вице-министрмен Алматыға барып, барлық инфекциялық стационарларды аралап шықтық. Әріптестеріңіз де болды, инфекциялық ауруханаларда ешқандай қаптаған аурулардың жоқ екенін көрді. Тіпті, палаталар бос тұр. Қазіргі уақытта ауруханаларда орын жетпейді дейтіндей науқастар саны, ауруға шалдығу деңгейі жоғары емес», – деді ол.
Науқастардың көмекке кеш жүгінуіне байланысты дертінің соңы өліммен аяқталады.
«Барлық өлім-жітім ең бірінші кезекте науқастың кеш жүгінуінен болып отыр. Яғни, олар медицина қызметкерлеріне қаралуға асықпаған. Мәселен, соңғы оқиғада студент 3-4 күн бойы жатақханада жатып, дәрігерге қаралмаған. Ал дәрігерге келген кезінде кеш болды. Сондықтан да өлім-жітімнің басты себебі – медициналық қызметкерлерге кеш жүгіну», – деді Жандарбек Бекшин.
«Қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің, билік органдарының жұмысы аталған тетіктің (тасымалдаушыдан жұқпаның таралуы) таралуын тоқтатуға бағытталып отыр. Осы мақсатта барлық таралу ошақтарындағы байланысы барлар есепке алынуда. Бүгінгі күні шамамен 2,2 мың адам тексеруге алынды. Олардың ішінде 2 тасымалдаушы мен 3 ауруға шалдыққан адам анықталды. Яғни, анықтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Міне осы әдіс арқылы тізбекті үзбейтін боламыз», – деді бас санитар дәрігер.
Жандарбек Бекшин биыл елімізде 62 менингокок жұқпасы болғанын айтты. Сонымен қатар бас дәрігер биыл 2 мың адамға менингитке қарсы екпе жасалатындығын да айтқан еді.
«Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 8 өлім тіркелді. Оның 4-еуі Алматыда, ал Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында екіден орын алды. ОҚО-дағы жағдай қаңтар айында тіркелген болатын», – деді ол.
Оқи отырыңыз:
Қарағандыда 20 адам ауызашардан кейін ұшынып қалды
Бәйгеге түсу үшін арсыздық пен қулық керек: Роза Әлқожа Мейрамбек Бесбаевқа ренжігенін айтты
Мәжілістегілер елге пальма майының көптеп әкелінуіне алаңдаулы