Қарағандыда 20 адам ауызашардан кейін ұшынып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда 20 адам ауызашардан кейін ұшынып қалды

Қарағандыда 20 адам ауызашардан кейін ұшынып қалды

Науқастардың бәрі бір үйден тамақтанған.

  • 29 Мамыр 2018
  • 126
Фото - Caravan.kz

Ұшынғандардың ішінде балалар да бар, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен сенбіде қарағандылықтар жұқпалы аурулар ауруханасына барған. Олар ауызашардан кейін өздерін жайсыз сезінгендерін айтқан. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 20 адам ауруханаға улану жағдайымен келген.

«Науқастардың дене қызуы жоғары болды және құсып, іштері ауырды. Тиісті шаралар мен ем қолданылды. Өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ, жағдай дәрігерлердің бақылауында», — дейді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Гүлмира Бекзатова.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, науқастардың ішінде 4 бала бар.


«Сараптама қорытындысы кейінірек дайын болады. Науқастардың бәрі ет, салат жегендерін айтты. Олар қай тағамнан ұшынып қалғанын нақты айту қиын. Науқастардың ішінде бес жас пен он үш жас аралығындағы төрт бала бар. Олардың бәрі бір үйден тамақтанған», — дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Соңғы жаңалықтар