Алматыда Олжас Сүлейменовтің немересін жерледі

Алматыда танымал қазақстандық жазушы Олжас Сүлейменовтің немересі 26 жастағы Ескендір Сүлейменовтің жерлеу рәсімі болды, деп хабарлайды Sputnik.

Жас жігіт Астанада мотоцикл айдап келе жатып, жол апатына ұшыраған.

Марқұмның туыстары Желіде мәлімет жариялап, оқиға куәгерлерінен фото және видеомен бөлісуді сұрады.


Елордалық ішкі істер департаменті Қазақстанның Қылмыстық Кодексі 345-бабы бойынша тергеуді бастап кеткен.

Ескендірдің жақындары апаттың куәгерлерінен +7701-44-44-134, +7701-551-82-22, +7701-981-78-81 нөмірлеріне хабарласуын өтінді.