Астанада жантүршігерлік жол апаты: Олжас Сүлейменовтің немересі қаза болған - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жантүршігерлік жол апаты: Олжас Сүлейменовтің немересі қаза болған

Астанада жантүршігерлік жол апаты: Олжас Сүлейменовтің немересі қаза болған

Астанада жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан мотоциклшінің туыстары куәгерлерді іздестіріп жатыр.

  • 25 Маусым 2018
  • 147
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

22 маусымда Астанадағы Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылының қиылысында болған жол апатынан мотоциклші қаза болған еді. Қаза болған мотоциклшінің 26 жастағы Искандер — Олжас Сүлейменовтің немересі екені анықталды.

Қазіргі уақытта Искандердің туыстары жол апатының куәгерлерін іздестіріп жатыр.

Астана қалалық ІІД жол апатының мән-жайын анықтап жатқанын және кейінірек қосымша мәлімет беретінін айтты.

"Полицейлер осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр", — деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Қаза болған жігіттің туыстары осы оқиға жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: +7701-44-44-134, +7701-551-82-22, +7701-981-78-81.


 

 

Соңғы жаңалықтар