Аружан Саин баланың анасының өтініші бойынша, сараптамаға шетелдік мамандарға жүгінбекші

"Үй" қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын жеті жастағы баланың қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды Today.kz.

Қоғам қайраткері Facebook желісіндегі парақшасына ақпараттық хабарлама қалдырды. 

"Бас прокуратура Абай ауылында тергеу жұмыстарын жүргізеді. Бала сол жағдай болған орындарды көрсетуі керек", – деді Аружан Саин. Аружан Саин: 7 жасар баланың анасымен кездестім

23 наурызда бала анасымен бірге Абай ауылына шыққан. 

"Тергеу әрекетінің қанша уақытқа созылатыны белгісіз болғандықтан және пойыз не ұшақта жүру мүмкін болмағандықтан, көлікпен жүру шешімі қабылданды. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының, "Үй" қорының қызметкерлерімен бірге бала анасымен бірге қайырымды жандар арқасында кешкісін Абайға аттанды. Баланың адвокаты Бауыржан Азанов Астанадан Шымкентке ұшты", – деді ол. 

Аружан Саин баланың анасының өтініші бойынша, сараптамаға шетелдік мамандарды тартуға тырысады. 

Естеріңізге салайық, ОҚО, Абай ауылының тұрғыны жеті жастағы немересінің бірнеше ай бойы зорланып келгенін айтып, дабыл қаққан болатын. Баланың туысқандары құқық қорғау органдарының әрекетсіз отырғанын айтты. 

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Оңтүстік Қазақстан облысына ұшып келді. 


Кейін омбудсмен баланың қазіргі жағдайы туралы пікір білдірді. 

Today.kz шымкенттік баланың өзімен де сөйлесті. 

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданы, Абай ауылындағы мектептерде болған келеңсіз жағдайға байланысты жауапты тұлғаларға шара қолданды.

Зағипа Балиева әлеуметтік желіге таралған шымкенттік бала мен әжесінің видеосына қатысты пікір білдірді.

Оқи отырыңыз:

Аружан Саин: 7 жасар баланың анасымен кездестім

Бәлиева ОҚО-лық 7 жасар баланың жағдайын айтып берді

ОҚО-да зорланды делінген баланың ісіне қатысты шенеуніктер жұмыстан қуылды

Сарыағаштық 7 жасар бала оқиғасы. Бір апталық шолу