"Астана банкі" клиенттеріне алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертті

"Астана банкінің" клиенттеріне банктен ақша алып беру бойынша қызмет көрсетуді жамылып, алаяқтық жасау жайттарының көбейіп кеткендігі ескертілді, деп жазады sputniknews.kz.

Банк клиенттерден мұқият болып, арандатуға жол бермеуді, сондай-ақ мұндай оқиғалар туралы хабар беруді сұрады.

"Алаяқтық жайттарының жиілеп кеткендігі туралы хабар бергіміз келеді: банктен ақша алып беру бойынша қызмет көрсетуді бүркемеленген алаяқтар картаның иесіне қатысты мәліметтерді сұрайды, яғни нөмірі, пайдалану мерзімі және CVV-коды", — делінген банк хабарламасында.

Қаржы мекемесі атап өткендей, банк туралы барлық ақпарат ресми дереккөздерде көрсетілген: корпорациялық сайт, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар, сондай-ақ колл-центр.

Оқи отырыңыз:

«Мен әлі де жылаймын»: Роза Рымбаева ішкі жан-сырымен бөлісті 

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алматыда қап толы қаражатпен шекарадан заңсыз өтпек болған адам ұсталды