Жарияланды: 40

Алматыда қап толы қаражатпен шекарадан заңсыз өтпек болған адам ұсталды

Алматыда қап толы қаражатпен шекарадан заңсыз өтпек болған адам ұсталды

Қолға түскен жолаушы Алматы арқылы Бакуге ұшпақ болған. Кеден бекетінің қызметкерлері оның қолсөмкесін тексерген кезде, ішінен 7,5 млн теңге табылған екен.

Бұл туралы The Qazaq Times жазды.

Ұсталған адам қап қаражатты декларацияламаған, сондықтан ол заң бұзған болып есептеледі. Департамент таратқан мәлімет бойынша, жыл басынан бері Алматыда мұндай 17 дерек тіркелген екен. Жолаушылар ЕАЭО шекарасын 247 800 доллармен, 17 500 евромен, 34 400 қытай юанімен, 276 000 теңгемен аспақ болыпты.

Біздегі заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары 10 мың АҚШ долларынан аспайтын соманы тіркемей, шет мемлекеттерге шыға алады. Егер ақша сомасы 10 мың доллардан асатын болса, оны кедендік декларациядан өткізу шарт.

Оқи отрыңыз:

Экс-министр Жақсылық Досқалиев қазақстандықтарға үндеу жасады

Шымкентте терроризм айыбымен оқушы сотталды
Оңтүстік Қазақстанда биыл 20 мыңға жуық тұрғын таза ауыз сумен қамтылады
 
 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть