Caravan Logo

Астанада әкесінен таяқ жеген 11 жастағы қыз ми жарақатымен ауруханаға жеткізілді

Астанада әкесінен таяқ жеген 11 жастағы қыз ми жарақатымен ауруханаға жеткізілді

Астанада 11 жастағы қыз ми жарақатымен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

"10 наурызда № 2 қалалық балалар ауруханасының травмотологиялық бөліміне 2007 жылғы қыз бен оның анасы келді. Анасының айтуынша, әкесі мас күйде қызын ұрып-соққан. Дәрігерлер қызды тексеріп, оны нейрохирургиялық бөлімге жатқызды", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, қазіргі уақытта қыздың жағдайы тұрақты екені және оның стационарда ем алып жатқаны айтылады.
 

Ұқсас тақырып:

Шымкент тұрғыны кішкентай екі қызын ұрып, бірін өлтірген
Шымкентте әкесі өз баласын өлтірді