Жарияланды: 510

Шымкент тұрғыны кішкентай екі қызын ұрып, бірін өлтірген

Шымкент тұрғыны кішкентай екі қызын ұрып, бірін өлтірген

Шымкентте өзінің кішкентай қыздарын аяусыз ұрып-соққан деген күдікпен әйел ұсталды.

Соққыға жығылған екі жасар қыз қайтыс болып, оның төрт жасар әпкесі комаға түскен. Бұл туралы  облыс прокурорының орынбасары Ермек Әйтімов мәлімдеді.

Оның айтуынша, тірі қалған қыздың бас-миы, ішкі ағзалары зақымданған, денесі көгерген.

38 жастағы әйел екі қызын әкесіне барам дегені үшін ұрып-соққанын айтқан.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қыздардың анасы тұтқындалып, сараптама тағайындалған.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін