Астанада үш жасар бала менингит дертіне шалдықты деген күдік туындады

Бұл туралы Елорда инфо қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

"Астана қаласының Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы хабарлайды: 2018 жылдың 29 мамырында сағат 13:12 кезінде қалалық балалар инфекциялық ауруханасына 3,5 жастағы ұл бала түсті. Алдын ала диагноз қойылды: менинго0инфекция, генерализди форма (генерализованная форма). Менингит + Менингококцемия»", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта лабараторияларда зерттеулер мен емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Нақты диагноз бактериологиялық және серологиялық зерттеулер аяқталған соң қойылады. 

Қазір баланың жағдайы өте ауыр, қалыпты. Емдеуді диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес алып жатыр.

Жалпы қала бойынша эпидемиологиялық ахуал қалыпты, балалар арасында менингококкты инфекциямен ауыру фактісі тіркелмеді. Барлық   қажетті эпидемияға қарсы шаралар жүзеге асырылып жатыр.


Оқи отырыңыз:

"Канелоның" командасы Головкинмен кездесуден бас тартты 

Ерке Есмахан Астанадағы Open Air туралы: Ресейлік әншілердің ерекше ештеңесі жоқ