Атырауда аңға шыққан ер адам қасқыр екен деп досын атып тастаған

№2 қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Оқиға қаладан Махамбет ауылына барар жолда болған. Атырау қаласынан 20 шақырым жерде ер адам досымен бірге аң ауламақ болады. Жыртқышты аңдып жүрген ер адам сұлбаңдаған адам бейнесін қасқыр екен деп атып алған. Осы кезде досының айайлаған даусы шығады. Досы жарақат алып, денсаулығына нұқсан келген.

Айыпталушы кінәсін толығымен мойындады. Оның бұрын сотталмағаны ескеріліп, 1 жылға пробациялық бақылау орнату арқылы бас бостандығын шектеу жазасын кесті.

Оқи отырыңыз:

Танымал сатирик өзінен 32 жас кіші келіншегін көрсетт

Қазақша сөйлегені үшін орыс спортшысынан таяқ жеген қазақ қызы сотта жеңіп шықты

Эфирге 1 сағат қалғанда келмей қойған Нұрболат Абдуллиннің "жұлдыз ауруына" шалдыққанын айтты