Танымал сатирик өзінен 32 жас кіші келіншегін көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал сатирик өзінен 32 жас кіші келіншегін көрсетті

Танымал сатирик өзінен 32 жас кіші келіншегін көрсетті

Белгілі сатирик Мұхтар Шерім өзінен 32 жас кіші жұбайымен қалай тату-тәтті өмір сүріп жатқаны жайлы айтып берді. Жуырда ғана 60 жасқа толған сатирик үш бала тәрбиелеп отыр. 

  • 13 Сәуiр 2018
  • 135
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол «Замана» басылымына берген сұхбатында айтты.

Аталған басылымға берген көлемді сұхбатында Мұхтар Шерім өзінің шығармашылығы мен еңбектері жайлы толығырақ айта келе отбасына қатысты да сөз қозғапты.

— Құдайға шүкір, бәрі жақсы. Әйелім, үш балам бар. Балалар өсіп жатыр. Әйелім менен 32 жас кіші болса да жағдайымды, жай-күйімді жақсы түсінеді. Шығармашылығымды сүйіп оқиды. Әрда­йым демеу болып жүреді. «Ақыл – жастан» дегендей көп нәрсені біледі, ақыл қосып отырады, депті сатирик.

Қазақта «Үш күннен кейін көрге де үйренесің» деген сөз бар ғой. Біз бір-бірімізге әбден үйренісіп кеткенбіз. «Сіз» дегені болмаса кәдімгі құрдастарша қалжыңдасамыз. Қызғаныш деген атымен жоқ. Жеңгелеріңіз ағайын-туыспен де сондай қарым-қатынаста. Туыстардың тойы онсыз өтпейді. Абысындарымен де ақылдасып, бар ша­руаны ұршықша иіріп отыр. Меніңше, бұл адамның өзіне байланысты болса керек. Болмады демеймін, алғаш­қы кезде бізде де қиыншылық болды. Арамыз­ға от салғысы келетіндер де табылды. Бірақ жеңгелерің оның бәріне түсіністікпен қарады. Төзе білді. Себебі тұрмысқа шығуды ол саналы түрде қабылдады. Анасының ақ батасын алып, сол кісілердің ризашылығымен босағамнан аттады,- деді Мұхтар Шерім.


Соңғы жаңалықтар