Атыраулық кәсіпкер баласына 10,5 миллион теңгеге велосипед сатып әперген

Аса қымбат «көлікті» ол ұлына сыйлайтынын айтқан деп жазады «Мой город» порталы.

Айта кетейік, Bike Ride «Atyrau-2018» веложарысы биыл Атырауда алғаш рет өткізілді. Оған Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуров пен ауыратлет Илья Ильин және «Астана» велокомандасының мүшелері, сондай-ақ, елімізге танымал өзге де азаматтар қатысты. Жарыс соңында дәстүрлі қайырымдылық аукционы ұйымдастырылды.

«Аукциондағы ең қымбат 10,5 миллион теңге тұратын Vino Bike велосипедін Құлсарының кәсіпкері сатып алды. Бұл отбасы сондай-ақ, 5,4 миллион теңгеге «Аргон 18» велосипедін де сатып алған болатын. Кәсіпкердің әйелі Самал Vino Bike велосипедін балалары үшін сатып алғандарын айтты», – дейді аукцион ұйымдастырушылары.

Сондай-ақ, аукционға қатысушылар Майк Тайсонның қолтаңбасы бар қолғапты 3,2 миллион теңгеге, Фредди Роучтың қолғабын – 2,2 миллион теңгеге, Рой Джонс пен әйелі екеуінің қолтаңбасы қойылған қолғапты – 1,2 миллион теңгеге сатып алған.

Қайырымдылық аукционынан түскен қаржы Атырау облысының велоспортын дамытуға жұмсалатын болды.


Оқи отырыңыз:

ҰБТ. Түлектердің 80 пайызы қазақ тілін таңдады

Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі өтетін уақыты мен орны жария етілді

Әкесінен айырылған Жұбаныш Жексенұлы Астанадағы концертін кейінге қалдырды