Атышулы Динагүл Тасова іш киімге ақша жинап, оны қайырымдылыққа жұмсамақ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Атышулы ару іш киім мен емшекқапқа қаржы жинап жатқанын, оны қайырымдылыққа жұмсайтынын instagram желісіндегі парақшасына жазды.

"Мен іш киімге (панталоны), одан кейін емшекқапқа  (Victoria’s Secrets) ақша жинай бастадым. Бұның барлығы неден басталды? Мен инстаграмда сұрақтарға жауап беретінмін. Содан каспий номерімді сұрай бастады. Номерімді жазып, бір минуттан кейін әйел адамнан одан кейін ер адамнан маған ақша түсе бастады. Одан кейін бұны мен сториске шығара бастадым. Осылай іш киім мен емшекқапқа ақша жинай бастадым. Бастапқы ақша жинау ойы жақсы болды. 50 мың жиналған кезде оны қайырымдылыққа жұмсайын деген шешімге келдім. Егер 50 мыңға жетпесе өзіме іш киім аламын. Басында өзімнің 6634 теңгем болған, 21590 теңге болды. Менің Челленджімді қолдайтындарға алғыс білдіремін", - деп жазды Динагүл Тасова. 

Естеріңізге сала кетейік, атышулы ару біраз уақыт бұрын
Caravan.kz
медиа порталының тілшісіне сұхбат беріп, жаңалықтар жүргізгісі келетінін айтқан болатын.

"Журналист болып, жаңалық жүргізгім келеді" Төсін ашып елге танылған Динагүл Тасова қалауын айтты