Жарияланды: 950

"Журналист болып, жаңалық жүргізгім келеді" Төсін ашып елге танылған Динагүл Тасова қалауын айтты

"Журналист болып, жаңалық жүргізгім келеді" Төсін ашып елге танылған Динагүл Тасова қалауын айтты

Төсін ашып әлеуметтік желіні шулатқан Динагүл Тасова қазіргі таңда немен айналысып жүр. 

Оны сәнқой бикешпен сұхбаттасқан Caravan.kz  медиа-порталының тілшісі анықтап көрді.

- Динагүл соңғы уақытта YouTube желісінде сізді екі бағдарламадан көріп жүрміз. «OTtime»  және «Fashionдіру». Осы туралы айта кетсеңіз?

- Бұл екеуі екі түрлі бағыттағы бағдарлама. «Fashionдіру»  таза қыз-келіншектерге арналған. Менің жаныма өте жақын жоба. Бұл жерде біз қоғамда зардап шеккен қыз-келіншектерге  көмектесеміз. Өкінішке орай дәл осы жобаға демеушілер жоқтың қасы яғни бізге олар ауадай қажет. Сән салондары, киім дүкендері керек. Демеушілердің көбісі әлі танымал жоба емес, оның үстіне қазақша сөйлей алмаймыз деп айтып жатады. Бір қызығы бұл жерге менің танысым емес менімен тілдескісі, пікір алмасқысы келетін қыз-келіншектер келеді. Және бұл тегін. Көбісі түсінбей жатады. Негізі бірақ бұл қайырымдылық  есебінде жасалынып жатқан жоба.

Ал «OTtime» -ға келсек, бұл шынын айтқанда көрермені жан жақты бағдарлама. Оны 18 жастан асқан көрермендер ғана көруге болады. Маған осы бағдарламаны жүргізуге ұсыныс түсті, мен қабылдадым. Бұл жерде бәрі шынайы ешқандай жасандылық болмау керек. Күнделікті өмірде қалай барсың солай сөйлесіп отыру керек. Ол жердегі қонақтарды мен шақырмаймын. Редакторлар шешеді, мен тек жүргізушімін. Және бұл менің образым. Шын өмірдегі  Динагүл емеспін.

 

- Жеке өмірге тоқталайықшы 7 жыл жүрген және сізге қатты зиянын тигізген жігітіңізді кешіре алдыңыз ба? Көзіңіздегі қорқынышты сейілткен жан жолықты ма?

- Аллаға шүкір! Қазір менде бәрі тамаша, Көз тимесін. Қазіргі таңда басым бос емес. Жүрегімнің жартысын тапқан сияқтымын. Бірақ бұл туралы ашық айтқым келмейді. Өткен өмірді өткеннің еншісіне қалдырдым. Ол адамды кешірдім қайтадан тіпті ойыма да алғым келмейді. Қазір мен бақыттымын.

- Жанар Айжановамен  бір бағдарламада болдыңыздар. Сізге өткір-өткір сөздер айтып тастады. Содан кейін сіздің өміріңізде өзгеріс болды ма?

- Иә, мен ол бағдарламаға бардым. Шынымды айтсам ақылы бардым. Басында ұсыныс жасағанда бас тартқым келген, бірақ қаржы керек болды. Қаржы маған емес бір отбасыға керек еді. Сол себепті ғана бардым.  Жанар апайға келетін болсақ, мен сол жерде айтқан сөздерім әлі күшінде. Біреу үшін өзгеретін адам емеспін. Ол кісінің маған жалпы мінезі ұнайды, бетке айтатын қасиеті ұнайды. Бірақ ол кісі туралы толық білмейді екенмін. Кейіннен білдім Жанар апайдың өзінің қызы дизайнер екенін. Білмеймін неге маған сонша өткір сөйледі екен. Дизайнды оқып жатқан қызы бола тұра менің жұмысыма олай қатты шүйліккенін ұқпадым.

- Қайырымдылыққа соңғы айларда жобамен қанша қаржыңыз кетті?

- Негізінде менің бағдарламаларға ақылы баруымның да бір себебі осы қайырымдылық. Мен бірден ақылы екенін айтамын. Неге? Өйткені бірде-бір бағдарлама мені жақсы жағынан көрсеткісі келмейді. Бәрі хайп үшін шақырады. Мен олардың мақсатын біліп тұрғанан соң, өзімдікін жасаймын. Мысалы жобамен айтатын болсам соңғы айда 200-300 мыңдай теңгем кетті. Айтады ғой оң қолыңмен бергеніңді, сол қолың көрмесін деп. Бірақ енді бұл нәрсені жариялай бермеймін. Өйткені мені халық жаман жағымнан танып қалғандықтан бәрі көзбаяушылық деп ойлауы сөзсіз. Сол себепті мен өзімді білемін. Алланың алдында арым таза бастысы да осы. 2-3 күн алдын сағат түнгі  үш шамасында хабарласып бір кісі жағдайын айтып көмек сұрады. Менде сол кезде карточкамда  40.000 теңгем ғана болды. Соны аударып жібердім. Негізі кредитімнің ақшасы болған, көмек сұрап тұрған соң Алла өзі жеткізер деп бердім. Мен арнайы қайырымдылық жасайын деп қаржы бөліп қоймаймын, бірақ осындай жағдайлар жиі болып тұрады,

- Ішімдік ішіп әлеуметтік желіге сурет, видеолар көп саласыз. Не үшін? Хайп үшін ба?

- Мен қатты ішем деп айта алмаймын. Тек инстаграм үшін қойып жүрмін. Өмірде мен олай ішпеймін. Ottime  бағдарламасына қайта тоқтала кетсем, бұл жерде маған айтылды хайп ұстауың керек барынша деп. Сол себептен мен сол бағдарламада ішкілікті ішкенімді салдым. Мен қазір инстаграмды жеке парақша емес бизнес-аккаунт деп қараймын. Мені кафе, барларға шақырады жұмыс ретінде барам. Сол жердегі сурет, видеоны міндетті түрде салып отырамын. Енді қазіргі кезде денсаулығыма ден қойып, қаралып жүрмін. Сол себепті өмірде ішкілікті мүлдем ішпеймін деп алдыма мақсат қойдым. Ал инстаграмға салып жатсам ол тек –жұмысым!

- Сізді халық шынында да жаман тұсыңызбен танып қалды және сізді қаралап та жатады, осындай кезде сіз жұмыс жасап жүрген  Модельдік агентік сізге жақсы қолдау білдіреді ме?

- Жоқ. Осы туралы айта кетейін. Мен қазір ол Модельдік агенттіктен шығып кеттім.Себебі де осы сіз айтып отырған қолдау. Ойланып қарасам мені табалап жатқан жерлерде ешқандай қолдау көрсетпеген екен. Мені жақтамаған, ақтамаған. Содан кейін маған деген талаптары өзгере бастады арамызда келіспеушіліктер болды. Оларға деген көзқарасым өзгерді. Сол себепті модельдік агенттікпен қоштасуға тура келді. Қазір өз-өзіме жұмыс жасаймын деп шештім. Оның үстіне өзім жеке модель саласында агенттік ашсам ба деген ой келіп жүр. Мүмкін 1-2 жылда ашып қалармын. Өйткені менде ол саладан біраз хабарым бар ғой.

- Отбасыңызбен қарым-қатынасыңыз қандай?

- Бәрі ойлайды екен отбасымен мүлдем байланысы жоқ деп. Бірақ олай емес. Шүкір, екі ініммен де, екі келініммен де қарым-қатынасым жақсы. Әкеммен оның әйеліменде хабарласып тұрамын. Туған-туыстарыммен барлығы да жақсы. Жеке өмірімде шүкір бәрі ойдағыдай. Ата-әжеммен хабарласып тұрамын. Биыл анаммен екі сіңілімнің өмірден кеткеніне 10 жыл болады екен. Соған орай тумаларымды жинап Құран оқытып, ас берсем деген ниетім бар.

- Дәл қазіргі кездегі жасағыңыз келетін бірақ реті келмей жүрген жұмысыңыз бар ма?

- Мен негізі жаңалық жүргізгім келеді. Енді менің негізгі мамандығым да осы ғой. Модельдік салада болдым енді қайта журналистикаға оралғым келіп жүр. Мысалы мен қазақ тілін жетік білемін, бойым да, келбетім де келетін сияқты. Неге жаңалық жүргізіп көрмеске деймін. Бірақ менің мысымды басып жатқан адамдар да бар. Сен төсіңді ашып шыққан адамсың сені мемлекеттік қызметке не болмаса мемлекеттік бағдарламаға алмайды деп бетімді қайтарып жатыр. Осы нәрсе мені қынжылтады. Мен тәнімді сатып елге танылған жоқпын,менің модельдік саладағы жұмысым болды. Неге солай кәсіби тұрғыда қарамасқа деген ойлар мазалайды.

- Өнер адамдарынан кімдерге өкпелісіз?

- Негізі мен ешкімге өкпелегім келмейді. Дегенменде кейде қатты кетіп жатқандар болады. Ренжіген  екі адамым болған олар Жанар Айжанова, Әсел Асқар. Олардың сөздері, жасаған іс әркеттері мені қатты ренжітті бірақ мен артынан үндемей-ақ қоя салдым. Ертеңгі күнімізді ешкім білмейді. Бір-бірімізді көрмей кетпейміз оның үстіне өнер деген бір кемедеміз.

- Сізді өзге елдерден танып жазып жататын адамдар бар ма?

- Иә, ондай адамдар көп. Бірде бір ер азамат менің шотыма 1 миллион ақша аударып жіберген себепсіз. Мен кейін оны қайтадан өзіне салып жібердім. Өйткені ол ауадан келген дүние ғой. Қадірі болмайды. Сосын жақында Кореялық атақты бір дерижер Юн Ки-Ен маған хабарласып , Қазақстанға келемін, менің жеке концертіме келіңізші, өтініш сізбен танысқым келеді деп қолқа салды. Мен қуана келістім концертке жігітіммен бардым. Қуанатыным өзге елде емес Қазақстанға келіп мені іздеп қонақ етіп сыйлап шақырғаны.

«Менің бір қынжылатыным мен кезінде төсімді ашып подиумға шыққанда бүкіл жұлдыз аға-әпкелерім, блогер, вайнерлер жариялап өздерінше ұятмэндер бола қалды. Менің атымды жамылып өздеріне ұпай жинады. Ал енді дәл қазір игі істер жасап жатырмын. Неге осындай кезде қолдау білдіріп сол кездегідей жариялап мен туралы айтпайды екен. Мен осыны түсінбеймін.» - дейді Динагүл.

 

ЕСКЕРТУ: Материалды көшіріп басу үшін редакцияның рұқсаты керек! 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін