Аяқ киімін шеше береді: Балабақша тәрбиешілері 2 жасар қыздың аяғын скотчпен орап тастаған

Бұл туралы Metro басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Балабақша тәрбиешілері скотчты қатты орағаны соншалық, тіпті қыздың аяғы ісіп, көгеріп кеткен.

Екі жасар қыз аяқ киімді өздігінен шешуді жаңадан үйреніп келе жатқан екен. Бірақ, сәбидің үнемі аяқ-киімін шешіп тастайтыны балабақша тәрбиешілерін ашуландырған. Содан, баланың аяқ киімін қайта-қайта кидіргілері келмеген тірбиешілер, оның аяқ киімін аяғына скотчпен орап тастаған.

Бұны қыздың анасы балабақшаға келгенде көріп қалған. Бүлдіршіннің анасы сол уақытта жанжал шығармағанымен, қызының аяғын суретке түсіріп Facebook парақшасында жариялаған.

Бұл жазбаны көрген желі пайдаланушылар тәрбиешілердің әрекеттерін қатаң сынға алды. Сондай-ақ, тағы бір ата-ана қызының да осындай жағдайға тап болғанын айтты.

Қыздың аяғына қатысты жарияланған жазба желіде қызу талқыға түскеннен кейін тәрбиеші де көп ұзамай жұмыстан қуылды, ал балабақша басшылығы Джессикадан кешірім сұрады.


Оқи отырыңыз:

Қарағандыда 20 адам ауызашардан кейін ұшынып қалды

Бәйгеге түсу үшін арсыздық пен қулық керек: Роза Әлқожа Мейрамбек Бесбаевқа ренжігенін айтты 

Мәжілістегілер елге пальма майының көптеп әкелінуіне алаңдаулы