«Бақытбек босап шығыпты…». Мұны естіген Баян қайтер екен?

Бұл ретте желі қолданушысы Жауқазын Есжанова фейсбуктағы парақшасында ел алдында жүрген Баянға мынадай пікір білдірді.

"Баян Мақсатқызы қайта-қайта сұқбат беріп, жылтыңдаған сайын оның бұрынғы отбасы көз алдыма келе береді. Екі қызы екі жаққа кетті, отағасы анау. Әрине, махаббат махаббатымен, бірақ мұндайда өкініштің болмауы мүмкін емес. Ал өкініш деген өзекке түссе қиын.

Меніңше, Баян қатты өкініп жүр. Темір қатын демекші, ол өзін мықтымын деп үнемі ақтайды. Бұл жолы да сөйтті. Кітап шығарды, ел алдында жүр әйтеуір. Өзінше ақталып әлек. Елге емес, өз-өзіне ақталып жатқан секілді. Жұмысбастылықпен де өкініштің орнын жабуға тырысып бағуда. Кино түсірді, тағы да кино. Бірақ үңірейген іштегі жараны ол емдей ала ма?.. Оны қойшы, бәрінен масқарасы Бақытбек шыққанда болайын деп тұр.

Кеше ғана журналист Аман Тасығанға сұхбат берген Баян тағы бір рет таңғалдырды. Тіпті жаға ұстатты.

"Алғашғы махабатыңыз кім?" деген сұраққа, 22 жыл отасқан адал жары, екі баласының әкесі Бақытбек деп жауап берсе болар еді.

Ал Баян болса беті бүлк етпей қайдағы бір Лешка дегенді айт. Бұған не дерсіз?

Бағдарлама бойынша Баянның бір сұраққа жауап бермеуіне құқығы бар еді.

Журналистің "өміріңізде Бақытбек пен Тұрсыннан өзге еркекпен төсектес болдыңыз ба?" деген сауалға жауап беруге келгенде Баян осы құқығын пайдаланды...

Ал Бақытбек ше? Ол оралған кезде әкешім деп қыздары мойнына оралмайды дейсіз бе? Оралады, әрине. Баян қыздарын да тастап кетті. Нағашы ата-апасы қарап жатыр оларға. Өзі жаңа махаббатының жанында.


Баяннан кейін әйел атаулыға ол кісіге жолау қиын шығар. Барлық жағынан алғанда. Сондықтан Есентаев, меніңше, ендігі өмірін қыздарына арнайды. Мал-мүлкіне таласпаса да қыздарының құқығы үшін таласатын болады ол. Сондықтан Баянның жыры әлі біткен жоқ. Оның көретін қараң күні әлі алда. Өйткені бұрынғы күйеуімен бетпе-бет келмек-түгілі, төбесін ғана көрсе Баян бірнеше жылға қартайып кететін сияқты ғой .."

Оқи отырыңыз:

Баян Алагөзова қалың халыққа не себепті ортаңғы саусағын көрсеткенін түсіндірді

Баян Мақсатқызы “КешYou тобының қыздарын қалталы азаматтарға сатады” дегендерге жауап берді

Баян Есентаева жәбір көрген әйелдерді қорғайтын ұйым құрмақ