Баян Алагөзова қалың халыққа не себепті ортаңғы саусағын көрсеткенін түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Алагөзова қалың халыққа не себепті ортаңғы саусағын көрсеткенін түсіндірді

Баян Алагөзова қалың халыққа не себепті ортаңғы саусағын көрсеткенін түсіндірді

Баян Алагөзова күні кеше ғаламторды дүр сілкіндірген «Сиситай» атты картинасының тұсауын кесті. Аталмыш фильмнің тизері желіге жүктелгенде, журналистерге ортаңғы қолын көрсеткен атышулы продюсердің қылығы қызу талқыға түскен болатын.

  • 7 Наурыз 2018
  • 2154
Фото - Caravan.kz

Су жаңа  киноның жабық көрсетілімін тамашалап қайтқан Stan.kz тілшісі Баян ханыммен сұхбаттасып, мюзиклға мұндай кадрларды қосудағы мақсатын сұрап көрген болатын.

БАҚ өкілдерімен арадағы текетірес Алагөзованың басынан жиі өтеді екен.

«Бүгін «Сиситайдың» тұсаукесеріне келген бір журналист менің намысыма тиетін сұрақтарды қойып, көңіл-күйімді түсірді. Менің қуанышты күнімде осылай жасауға болмайды ғой.

Содан кейін мен: «Өтініш, менің қасыма жоламаңызшы, менің сізбен сөйлескім келмейді» – деп қайтарып жібердім. Бұл бірінші рет емес. Дәл осындай жағдайлар менің өмірімде жиі орын алғандықтан, «Сиситай» фильмінде болған оқиғаларды қосуға тура келді, – дейді Баян Алагөзова.

Осы орайда Stan.kz тілшісі жұлдыздар арасында арнайы сауалнама жүргізіп, БАҚ өкілдеріне ортаңғы қолын көрсеткен Алагөзованың әрекетін талқыға салып көрді. Мәселен, азулы продюсер Алуа Қонарова да мұндай жағдайларға талай мәрте куә болған көрінеді.

«Маған БАҚ өкілдерінің тарапынан туындайтын келеңсіз жайттар көп. Оларға қатты ашуланатын сәттерім де жиі болады. Бірақ қанша ашулансам да ортаңғы қолды көрсететіндей жағдай болған жоқ. Ондай жағдай болмайды деп айта аламын», – дейді Алуа Қонарова.

Алуа Қонарова мұндай ерсі қылықтарды жасамайтынын жеткізсе, Аша Матай журналистермен арадағы жанжалды шешудің түрлі жолдары барын айтады. Бірақ Баян әпкесінің қылығын қайталамауға уәде берді!

«Журналистерге ондай сөздерді қолданған кезім болған жоқ. Бірақ қатты ызаландырған кездер болғанда жаман сөздер тілдің ұшында тұрады. Бір жаман сөз айтқың келіп.

Дегенменен көпшіліктің алдында ондай сөздерді аса қатты қолдана бермейсің ғой. Ол рас! Жеке басыма тіл тигізсе көбінесе мен өзімді сабырлыққа шақырамын. Ал жақындарыма жаман ауыр сөздер айтылса, онда мен өзімнің аузымды жауып тұра алмаймын», – дейді Аша Матай.


Ал, Мәдина Сәдуқасова үшін Баянның жасаған қылығы, тым таңсық! Жиырма жылдан астам сахнада жүрген әнші, осы уақыт ішінде бірде-бір рет БАҚ өкілдерімен ренжісіп көрмегенін айтады. Сондықтан Алагөзованың боқтық сөзі мен жағымыз қылығы үшін бүкіл журналистер қауымынан кешірім сұрады.

«Мені журналистер құдайға шүкір, сыйлайды, құрметтейді. Жақсы көреді. Оны біз көреміз, байқаймыз. Ал негізі бұл кино ғой. Сондықтан журналистер қауымы көңілдеріңізге алмаңыздар. Мен бірақ ондай қадамға бармайтын едім. Өмірімде болған емес», – дейді Мәдина Сәдуақсаова.

Оқи отырыңыз:

Баян Мақсатқызы “КешYou тобының қыздарын қалталы азаматтарға сатады” дегендерге жауап берді

Баян Есентаева жәбір көрген әйелдерді қорғайтын ұйым құрмақ

Баян Есентаеваның жазылғаннан кейінгі суреті жария болды

Соңғы жаңалықтар