Бас прокуратура: Түрмеге тыйым салынған заттарды қызметкерлердің өздері кіргізеді

Қазақстанда түрмедегілерге тыйым салынған заттарды көбінесе колония қызметкерлерінің өздері кіргізеді екен. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстантілшісі.

"Өткен жылы 503 ұялы телефон және 1 келіден астам есірткі заты тəркіленді. Тыйым салынған заттарды түзеу мекемесіне көбінесе қызметкерлердің өздері кіргізеді. Мəселен, прокурорлар Тараздағы түзеу мекемесінің режимдік бөлім бастығы орынбасарының есірткі жеткізу əрекетін əшкереледі. Орал мен Ақмола облысының Аршалы ауданында колония қызметкерлері 9 ұялы телефон өткізбек болған", — деді Лоскутова бас прокуратурада өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, биыл Атырауда "Еңбек-Атырау" республикалық кəсіпорын қызметкерлері 2 рет түрме аумағына тыйым салынған заттарды алып өтпекші болған.

Олардан 33 ұялы телефон, wi-fi модем, есірткі жəне діни əдебиеттер тəркіленді. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Оқи отырыңыз:

Ақтауда 40 жыл бұрын жерленген марқұмның орынына жақында қайтыс болған адамды көмген

Ипотекасын төлей алмағандардың баспанасын тартып алуға тыйым салынбақ

ШҚО-да Ұлы Отан соғысы ардагерлері 500 мың теңге көлемінде сыйақы алады