Ақтауда 40 жыл бұрын жерленген марқұмның орынына жақында қайтыс болған адамды көмген - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+34 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда 40 жыл бұрын жерленген марқұмның орынына жақында қайтыс болған адамды көмген

Ақтауда 40 жыл бұрын жерленген марқұмның орынына жақында қайтыс болған адамды көмген

Ақтауда осыдан 37 жыл бұрын жерленген марқұмның орынына 3 ай бұрын қайтыс болған адамды жерлеген.

  • 20 Сәуiр 2018
  • 70
Фото - Caravan.kz

Ақтау қаласының тұрғыны Неля Филонова 17 сәуір күні Радоницадағы зиратқа әдеттегідей өгей әкесін еске алуға келеді. Алайда әйел бұл жолы мазардан мүлдем басқа адамның аты-жөнін оқып, зәресі ұшқан.

«Біз жыл сайын өгей әкемізді еске алуға келіп тұрамыз. Бірақ бұл жолы мүлде басқа адамның жатқанын көріп шошып кеттік. Оны 3 ай бұрын жерлепті. Қалай ғана бұндай қадамға барады? Неге басқа адамның жатқан жеріне екінші біреуді жерлейді? Оның үстіне мүрде қараусыз емес. Тас қойылған, аты жазылған. Тіпті стол, орындыққа дейін болған бұл жерде», – дейді Филонова.

Ақтау тұрғыны зират әкімшілігінің арыз кітапшасын парақтарда өзі сияқты прблемасын жазған көптеген адамды кездестірген.

Әкімшілік 2017 жылдан бері зиратта орын жетіспеушілігіне байланысты онда жерленгендердің туысын ғана көмуге рұқсат берген.


Неля Филонова қалалық прокуротураға шағым түсіріп, марқұмның сүйегін жинап, арнайы көміп, 3 ай бұрын жерленген әйелді басқа жерге ауыстыруды талап етемін деп отыр.

Оқи отырыңыз:

Ипотекасын төлей алмағандардың баспанасын тартып алуға тыйым салынбақ

ШҚО-да Ұлы Отан соғысы ардагерлері 500 мың теңге көлемінде сыйақы алады