Баян Мақсатқызы “КешYou тобының қыздарын қалталы азаматтарға сатады” дегендерге жауап берді

Тіпті, халық арасында “КешYou” тобының қыздары қалталы азаматтарға ұятсыз қызмет көрсетіп, ақша табады” деген пікір де жоқ емес. Баян Алагөзова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында аталған жайттың нүктесін қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Бұл не дегеніңіз, Аман? Әрине, тек ән айтып ақша табады. Бұл барлық қыздар тобына қаратылып айтылатын пікір. Өкінішке қарай, сондай стереотип қалыптасып қалған. Алайда бұл пікірдің маған қатысы жоқ. Қыздардың жеке өмірі – ол жеке өмірі. Менің бұл сөзіме бірде бір қыз қарсы шықпайтын шығар?! Себебі мен үнемі: жұмыс ол жұмыс, ал біздің абыройымыз бірінші орында деп айтып отыратынмын”, – дейді Алагөзова ағынан жарылып.

Бір қызығы, ел аузында жүрген бұл әңгімеден Баян Мақсатқызы хабарсыз болып шықты.

“Менің ойымша, осы 12 жыл ішінде КешYou-дің беделі жақсы. Осы уақыт аралығында көптеген кәсіби, мықты туындылар жарыққа шықты. Мен қыздарды біреуге тықпалайды деген сөздің өзі ақымақтық. Біріншіден, мен “ағашкалардың” ақшасына мұқтаж емеспін. Тіпті күлкім келіп отыр. Бұл туралы сізден алғаш естіп отырмын. Иә, бұл пікір барлық қыздар тобына қаратылып айтылады”, – деді Баян Мақсатқызы.

Оқи отырыңыз:

Баян Алагөзова «Махаббат бекеті-2» фильмінде басты рөлде кімнің ойнайтынын айтты

«Кешьюлік» әншінің оқуынан шығып кетуі мүмкін бе?

Эщкере! Көрермендер Баян Алагөзованың жаңа бейнебаянын плагиат деп айыптады