Жарияланды: 2300

Эщкере! Көрермендер Баян Алагөзованың жаңа бейнебаянын плагиат деп айыптады

Эщкере! Көрермендер Баян Алагөзованың жаңа бейнебаянын плагиат деп айыптады

Әлеуметтік желіде көптеген көрермендер еліміздің танымал продюсерін шетелдік бірнеше бейнебаянға плагиаттық жасады деп айыптады.

Жақында KeshYou тобының шымкенттік рэппер Ballerмен бірге түсірген музыкалық видеосы шықты. Жаңа композиция алдағы уақытта көрсетілетін «Сиситай» филмінің саундтрегі болып табылады. Продюсері Баян Алагөзова.

Бейнебаянды YouTube желісінде қазірдің өзінде 400 мыңнан артық адам қараған. Дегенмен ол көрерменнің барлығына бірдей ұнай қойған жоқ.Топ мүшелері бейнебаянға қатысты Ютубтағы @gakkutv арнасында түрлі айтыс-тартыс болып жатыр, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес деп Instagram парақшасында жазды.

Caravan.kz медиа-порталының редакциясы Баян Алагөзованың жаңа клипі неліктен елге ұнамағанын анықтап көрді.

Көпшілік көрермен бейнебаянды жасағандарды плагиатттықпен айналысқан деп айыптады.

 

Көпшіліктің пікірі бойынша Алагөзова ұрлады деген композицияны тыңдап көрейік.

 

Сюжеттің ең басында қатысушылардың бірі «эщкере» деген сөзді айтады. Бұл Lil Pump деген лақап атпен шығатын америкалық рэпердің фишкасы.Ол оны барлық трэктерінде қолданады. Толық "let's get it" деп айтылады.(қанекей осыны алайық – автордың аудармасы)

Бұл бейнебаянды бір миллиардтан артық адам көрген. Көрермендердің пайымдауынша, екі әннің атауы мен себептері тым ұқсас.

Кешью тобының әнінде қайырмасының әуені аталған компазицияға өте ұқсайды, дейді отандық музыканың фанаттары.

Пікір жазғандардың ойынша, отандық бейнебаянның хореографиясы толығымен мына бейнежұмыстан алынған. Ең қызығы Баян Алагөзова мұндай сыни пікірлерге әлі жауап берген жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін