Баян Мақсатқызы қазақ қыздарына үлгі емес - қазақ тілінде еркін сөйлейтін орыс қызы

Рэпер Жан Ахмадиев “Неге солай” бағдарламасында қазақ тілінде еркін сөйлейтін орыс қызы Анна Ульченкомен сұхбаттасты, деп хабарлайды stan.kz.

Анна Ульченкомен қазақтың тілін, мәдениетін бағалайтынын айтты.

“Қазақстанда тұрып жатқандықтан қазақ тілін, мемлекеттік тілді білу керек. Өзгелер менің қазақша сөйлегеніме емес, көп қазақтың өз ана тілін білмегеніне ұялу керек”, – дейді ол.

Орыс қызы қазіргі Ninety One тобын мүлде тыңдамайтынын, олардың стилін құптамайтынын жеткізді. Сонымен қатар Баян Мақсатқызын қазақ қыздарына үлгі деп санамайтынын айтты.

“Өзім Баян Мақсатқызының жанкүйері емеспін. Анда-санда жазғанарын оқимын. Меніңше,  жастарға Баян Мақсатқызы секілді қазіргі актерлер немесе әншілер үлгі емес. Олар өздері жас, сөздері де басқа. Сондықтан лайық деп санамаймын. Ал, Мақпал Жүнісованы үлгі тұтуға болады”, – дейді Анна.

Оқи отырыңыз:

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші жекпе-жектің өтетін уақыты өзгертіледі

Баян Алагөзова: Бұрынғының батырлары жерді қорғаған, бүгінгінің батырлары жезөкшелерді қамшымен сабайды