Головкин мен "Канело" арасындағы екінші жекпе-жектің өтетін уақыты өзгертіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин мен "Канело" арасындағы екінші жекпе-жектің өтетін уақыты өзгертіледі

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші жекпе-жектің өтетін уақыты өзгертіледі

"Канело" алты айға дейін жекпе-жектен шеттетілуі мүмкін.

  • 28 Наурыз 2018
  • 69
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. 

ESPN телеарнасымының маманы және АҚШ-тағы ең атақты шолушылардың бірі Дэн Рафаэль орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин  (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жек 5-мамырда өтпейтіні туралы пікір білдірді. 

Невада штатаның Атлеттер комиссиясы Альварестің қанынан кленбутерол дәрумен табылғаны үшін оны уақытша жекпе-жектерден шеттетті. Бұл іске қатысты соңғы шешім 10-сәуір күні шығарылады. 

"Көп жылдық тәжірибеден, Комиссияның заңдарын жақсы білгендіктен кейін мен екінші жекпе-жектің 5-мамырда өтпейді деп айта аламын. Қайталап айтайын, жекпе-жек 5-мамырда өтпейді. Егер "Канело" дәруменнің денесіне расында бұзылған ет арқылы түскенін дәлелдеп шықпаса, Комиссия оны жекпе-жекке жібереде деп ойламаймын. 

"Канело" мен оның командасы бұл жағдайға қатты мән бермегені үшін мен оны алты айға жекпе-жектерден шеттетеніне сенімдімін. Егер оның алты айға (комиссия одан көп мерзімге шеттетуі де мүмкін) шеттетсе, онда ол шаршы алаңға тек 17-тамыз күні қайта оралады. Жаза мерзімі бірінші допинг сынама алған күннен басталады өйткені. 

Менің ойымша, Головкин 5-мамыр күні басқа қарсыласпен жекпе-жек өткізеді. Болмаса ол жекпе-жекті маусымға шегереді. Ал Головкин мамыр немесе маусым айындағы кездесуінде жеңіке жетсе, онда Альвареспен екінші кездесу қыркүйек айында Мексиканың Тәуелсіздік күніне орайы ұйымдастырылуы мүмкін. Бірақ біз әлі "Канелоның" қанша уақытқа шеттетілетінін білмейсіз", — деп жазды Рафаэль өзінің ESPN телеарнасының блогында. 

Бұған дейін Головкиннің промоутері Леффлер болса отандасымыздың 5-мамыр күні шаршы алаңға шыққысы келетінін айтып еді. "Канелоға" қарсы қарсы кездесу Лас-Вегастың T-Mobile спорт кешешінде өтеді деп жоспарланып отыр. 

Оқи отырыңыз:

Головкинге 5 мамырдағы жекпе-жекке қосалқы жоспар ретінде "Канелоның" бауыры ұсынылды

Ресми! Сауль Альварес допингпен ұсталды

Альварестің бапкері Головкинді жеңу жолын айтты

Альварес Головкинді нокаутқа жіберемін деп отырГоловкин "Канелоны" жеңетініне сенімді

 

Соңғы жаңалықтар