"Бүкіл жұлдыздар Шымкентке көшіп жатыр": Ақбота Керімбекова мәдениет басқармасының орынбасары атанды

Бұл туралы сазгер Индира Елубаева Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Менің Ақбота дос-құрбым бүгін Шымкент қалалық мәдениет басқармасының орынбасары болып тағайындалды.Құтты болсын айтып,жұмысына абырой мен береке , бірлік пен табысты еңбек тіледім. Елдің ең бірінші бетпердесі - мәдениет пен өнер. Өркендеуге нәсіп етсін Алла", - деп жазды автор.

Естеріңізге сала кетсек, кеше ғана опера әншісі
Майра Мұхамедқызы
 Шымкент қалалық опера және балет театрының басшысы қызметіне тағайындалған болатын.