Жарияланды: 750

Майра Мұхамедқызы басшылық қызметке тағайындалды

Майра Мұхамедқызы басшылық қызметке тағайындалды

Белгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы Шымкент қалалық опера және балет театрының басшысы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталығы Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қалалық опера және балет театрының жаңа басшысын мекеме қызметкерлеріне таныстырды.

ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, «Тарлан» сыйлығының, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Париждегі «Гранд Операның» Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі.

Ол 1969 жылы 9 мамырда ҚХР-да дүниеге келген. Бейжің Ұлттар Университетінің Музыка Факультетін (Джоу Бен Чин сыныбы) және Пекин Консерваториясын (Го Шу Джен сыныбы) бітірген.

Репертуарындағы көптеген шығармалар Қазақстан сахнасында бұрын соңды орындалмаған. Опералық және концерттік репертуарын асқан талғампаздықпен таңдап, үлкен еңбекқорлық пен ізденістің үлгісін көрсетіп келеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін