Данагүл Темірсұлтанова қызының тұрмысқа шығуына қарсы шықты

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды stan.kz.

Айым – Азат Сейітметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы. Жұлдызды жанұяда дүниеге келген ару, ата-анасың жолын қуып, өнерді таңдаған. Арудың сүйгені де Вахид есімді актер жігіт. Бұл жұптың махаббат хикаясы, бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Алайда, қызының қалыңдық атануын, анасы әзірге құп көрмейді.

“Жоқ, әлі ерте! Әлі оның жасы 20-да, қайдағы?! Рұқсат бермеймін әлі. Әуелі оқуын бітірсін. Әлі үшінші курста. Оқуын да бітірген жоқ!” – дейді Данагүл Темірсұлтанова.

Соңғы уақытта, Сара Амангелді де бейтаныс серімен түскен суреттерін, желіге жиі жүктеп жүр. «Кешьюдің» экс-әншісі бұл қадамын оқырмандарын қызықтырудың тәсілі деп түсіндірді. Бірақ, 23 жастағы ару шын ғашығы жолықса, тұрмыс құруға тас-түйін дайын.

“Ол деген бір интрига ғой. Кейде бізде де болып қалады ғой. Біз де қыз болғаннан кейін… Мүмкін мен бір аптадан кейін, біреуге ғашық болып қалатын шығармын. Ол кісі айтатын шығар: «Бір айдан кейін мен сені аламын» – деп. Мен одан қашпаймын. Егер де мені сүйіп, менің ата-анама ұнап жатса, мен шыға саламын!” – дейді Сара Амангелді.

Ал, инстаграм жұлдызы Анар Батырханның болашағына фолловерлері қатты алаңдаулы. Оған оқырмандары отызға дейін отырып қалмау керектігін күнде ескертеді екен. Алайда, мұндай кеңестің түр-түрі, 26 жастағы актрисаның қытығына тиетін көрінеді.


“Инстаграмда көп жазады. Байға тисеңші, адамдар сенің жасыңда бала тауып, бала бағып жатыр. Үш бала бағып жатыр. Сен болсаң әлі жүрсің… Бәрі уақытымен. Сендердің не жұмыстарың бар?” – дейді актриса Анар Батырхан.

Қыз бала қонақ! Бұл бұрымдылардың ертелі-кеш қалыңдық атанары хақ!

Оқи отырыңыз:

Атырауда жол апатынан жүргізуші қаза болып, 3 адам ауруханаға жеткізілді 

Дауыл салдарынан Астанаға келген шығын мөлшері анықталды 

Бүгін әлемді аузына қаратқан Димаштың туған күні