Дауыл салдарынан Астанаға келген шығын мөлшері анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дауыл салдарынан Астанаға келген шығын мөлшері анықталды

Дауыл салдарынан Астанаға келген шығын мөлшері анықталды

Брифинг барысында Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайды ескерту бөлімінің басшысы Еркін Отарғалымұлы дауылдан келген шығын әлі де есептеліп жатқанын, дегенмен алдын ала есеп жасалғанын атап өтті.

  • 24 Мамыр 2018
  • 79
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы sputniknews.kz хабарлайды.

«Шығын есептеліп жатыр, әлі аяқталған жоқ. Кеше зардапты жою штабының жедел кеңесі өтті. Арнайы тапсырмалар беріліп, барлық ақпарат өңделді. Бүлінген жерлерді қалыпқа келтіру үшін шамамен 235 миллион теңге қажет», – дейді ол.

Еске сала кетсек, 22 мамырда Астанада бұршақ аралас жауын жауып, артынан дауыл соққан болатын. Қала тұрғындары дауыл салдарынан болып жатқан көріністерді видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 22 мамырда елорда аумағында жел секундына 25 метр жылдамдықпен соққан. Ал дауыл салдарынан 13 адамның зардап шеккені, сондай-ақ түрлі заттардың құлауынан 16 көлік бүлінгені хабарланған.


Соңғы жаңалықтар