Динара Сәтжан енді кітап жазып, жазушы атанбақшы

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Қазақ кәсіпкерлері туралы Қазақстанда кітап өте аз. Мысалы, Меломанға кірсеңіз ол жерде тек шетелдік кәсіпкерлер туралы бизнес кітаптарды оқи аласыз. Сол үшін менің ойымша, осындай кітап керек деп ойладым”, – дейді Динара Сәтжан.

Әр салада кәсібін дөңгелетіп жүрген табысты тележүргізуші өзін еріккенен кітап жазып жүргендер қатарына қоспайды. Себебі, жарық көретін еңбегі – өмірбаяны емес, пайдалы бизнес-кейс болмақ. Ал, туындының мазмұнына жетістікке жеткен қазақстандық арулардың тәжірибесі негіз етілмек.

“Мен 10 кәсіпкер әйелдер туралы жазамын. Алматыда 5 әйелден сұхбат алдым. Оның ішінде Санди Бексырға, Лилия Рах, Аида Кәуменова, Қарашаш Джузеева. Мен өзім де бармын. Мен өзімнің тәжірибем туралы да айтып беремін”, – дейді Сәтжан.

Кітабы жарыққа шыққанға дейін, тележүргізуші табысты атанудың өз құпиясымен бөлісті.

“Менің ойымша оқу да керек, тәжірибе де алу керек, мұғалімдер де керек. Наставник дейді ғой. Соның барлығы керек. Менің ойымша тәжірибе ең бірінші маңызды нәрсе”, – дейді Динара Сәтжан.

Сегіз жылдан астам кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан бикеш, болашақта өзін сан қырынан сынап көруге әзір. Алайда Сәтжан, өзге әріптестері сынды кино түсіруді ақша табудың ұтымды жолы деп есептемейді.


“Қазіргі уақытта, кино түсіру тиімсіз деп ойлаймын. Өйткені киноға барсаңыз тек қана Қазақстанда жасалған кинолар. Конкуренция, бізде кинотеатрлар аз, кино көретін адамдар көп емес”, – дейді Динара Сәтжан.

Ал, Сәтжан ханымның бизнес тақырыбын қаузаған тың туындысы, күзге қарай  оқырманның қолына тиеді деп жоспарлануда.

Оқи отырыңыз:

Алматы тұрғыны жоғалған ұлына 7 жылдан соң іздеу салды

Мүфтият жасанды ұрықтандыруға қатысты жаңа пәтуа шығарды

АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Барбара Буш өмірден озды