Елбасы ОҚО-да зорланған баланың ісі неге ұзаққа созылып кеткенін айтты

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға хабарлайды.

«Оңтүстік Қазақстан облысында жоғары сынып оқушылары баланы зорлаған. Бұл оқиғаның айналасында қаншама былық пайда болды. Бәрі ештеңе таба алмады, дәлелдей алмады. Неге екенін білесіздер ме? Себебі барлық жерде туыстары отыр. Іспен айналысқан полиция –қылмысқа қатысы барлардың туысы, жоғарыдағы органдары – туыстары, одан жоғарысында тағы туыстары отыр. Қылмысты жасыру үшін бәрі жасалды», – дейді Елбасы.

Сонымен қатар мемлекет басшысы елімізде мұндай жағдайдың болмауы тиіс екенін айтты.

«Болмайды. Мұндай жағдайдың болмау керектігі заңда жазылған. Ал неге заң бұзылады? Сондықтар цифрлық партия, цифрлық Қазақстан, цифрлық экономика – бұл біздің жолымыз», – деп қорытындылады Назарбаев.

Оқи отырыңыз:

Қоғамдық ұйымдар Зағипа Балиеваны "Асыл ана" деп атауды ұсынды

Қазақстан Қытайға астықты жеткізу көлемін 1 млн тоннаға дейін ұлғайтуы мүмкін

Алматыда ірі жол апатынан үш адам зардап шекті