Елімізде менингит туралы жалған ақпарат таратып, жұртты дүрліктіргендер табылды

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бұл туралы Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгін, 8 маусымда, өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Жандарбек Бекшиннің мәлімдеуінше, жалған ақпарат таратты деген күдікке 3-4 адам ілінген.

«Тиісті құқық қорғау органдары елді дүрліктіретін жалған ақпарат таратылуы мәселесімен айналысып жатыр. Біздің мәлімет бойынша, 3-4 адам күдіктеліп отыр. Олармен тиісті жұмыстар жүргізілуде», – дейді Бекшин.

Оқи отырыңыз:

Арсен Акиев: Мереке күнделікті жем-суымды беріп жүр


Дархан Кәлетаев Ақтөбе облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысына қатысты

"Бірнешеуімен болған екен". Сүйген қызына алданған жігіт көпшіліктен ақыл-кеңес сұрады