"Бірнешеуімен болған екен". Сүйген қызына алданған жігіт көпшіліктен ақыл-кеңес сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бірнешеуімен болған екен". Сүйген қызына алданған жігіт көпшіліктен ақыл-кеңес сұрады

"Бірнешеуімен болған екен". Сүйген қызына алданған жігіт көпшіліктен ақыл-кеңес сұрады

Сүйген қызына алданған жігіт көпшіліктен ақыл-кеңес сұрады. 

  • 8 Маусым 2018
  • 1025
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

"Менің жасым 23 те ербаламын. Мендегі мәселе сол махаббат. Осыдан тұп тура 3 ай бұрын бір қызбен танысып, аз уақыт болса да қатты сүйіп қалдым. Қыз емес екенін айтты менен алдын жүрген жігіті бүлдірген екен. Содан мен алданып қалған шығар деп сүйуімді жалғастыра бердім. Оңтүстіктенмін бізде бұндайға қатты мән береді.

Әрине, дұрыс жағынан отау құрғым келді. Сүйтіп үйленетін әрекет істейін, ақша табайын деп шекара асып, жұмыс іздеп келген едім, сол қызды бақытты қылу мақсатында. Содан, кеше инстаграм желісінде біраз сөйлестік, бар шынын айтты. Маған дейін бір емес, бірнеше жігітпен болған екен, көтеріпте қалған екен. Сенің өміріңді құртқым келмейді, маған сенбе, жақсы қыз табасың дейді. Соларды естігеннен кейін, төбеме жай түскендей болдым. Ішім күйіп барады. Не істесем болады? Қандай шипа бар бұған? Ақыл кеңес керек? Стрессте жүрмін, басым ауырып кетті. Бүкіл болашағымды сол қызбен елестеткен едім, күл талқан болды. Ұзақ болып кеткені үшін кешірім сұраймын", деп жазды желідегі парақшалардың бірінде есімін жасырған кейіпкер.


Соңғы жаңалықтар