Кемероводағы өрт құрбандарының соңғы сәтте жан ұшыра көмек сұраған дауыстары жазылған видео тарады

Қазір әлеуметтік желіде қайғылы оқиғадан мерт болғандардың соңғы сәтте туыстарына хабарласып, жан ұшыра көмек сұраған дауыстары жазылып қалған таспа мен соңғы сәтте өрт ішінде түсірілген видеолар тарап жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы

Мысалы  Elshad Tagiyev жүктеген бейнематериалда балалардың есіктің ашылмай қалғанын айтып, аналарынан қол ұшын созуды сұраған. Қорқыныштан бойларын үрей билеген олар жылап-сықтай бастайды.

 

Келесі бір видеода қамалып қалған әлдебір жігіттердің «шынымен тұншығатын болдық, жігіттер» деп есікті тепкілеп жатқан видеосы түсіп қалған.

Желіде қаза тапқандардың тізімі де жариялануда.

 

 

Өрттен кейінгі тараған суреттерден-ақ талай адамның өмірін жалмаған тілсіз жаудың алапат болғанын көруге болады.


Сондай-ақ соңғы сәтте сауда үйінде болған құрбандар жақындарына СМС хат жолдап жатқан. Мәселен солардың бірі 13 жастағы Мария Мороз "Біз өртеніп жатырмыз, мүмкін қош болыңдар" деп жазып үлгерген.

Мәліметтерге қарағанда өрт балаларға арналған батут ойындары маңында басталған және мультфилм көріп отырған бала толы кинотеатрды шарпыған.

Еске салсақ, Ресейдің Кемерово облысында болған өрттен соңғы деректер бойынша 60 тан аса адам көз жұмды.

 

Ұқсас тақырыптар:

Кемероводағы өрт: 13 баланың мүрдесін туыстары таныды
Кемероводағы өрт құрбандарының саны артты. Арасында губернатор Аман Төлеевтің туысы - 11 жастағы қыз да бар
Ресейде өрттің салдарынан 37 адам қаза тауып, 64 адам жоғалып кеткен