Кемероводағы өрт: 13 баланың мүрдесін туыстары таныды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кемероводағы өрт: 13 баланың мүрдесін туыстары таныды

Кемероводағы өрт: 13 баланың мүрдесін туыстары таныды

Марқұмдардың денелері туыстарына сейсенбі күні тапсырылады.

  • 27 Наурыз 2018
  • 55
Фото - Caravan.kz

«Зимняя вишня» сауда үйіндегі өртте қаза тапқан 13 баланың денесін туыстары таныды. Бұл туралы РФ Денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Скворцованың айтуынша, қазір 25 адамның мәйіті анықталған. Марқұмдардың денелері туыстарына сейсенбі күні тапсырылады. Қазір сот медицина сарапшылары өрттен күйген денелерді генетикалық талдаулар арқылы анықтау үстінде.

«Мәскеуден арнайы келген мамандар мәйіттерді анықтап жатыр»,- деді ол.

Кемероводағы өрт құрбандарының саны артты. Арасында губернатор Аман Төлеевтің туысы — 11 жастағы қыз да бар

Министрдің айтуынша, қазір ауруханада жатқандардың ішіндегі ең жағдайы ауыр 11 жастағы бала. Сонымен бірге туыстары қаза тапқан 69 адам қатты күйзеліс, гипертоникалық жүрек ақауларымен ауруханаға түскен.


Оқи отырыңыз:

Ресейде өрттің салдарынан 37 адам қаза тауып, 64 адам жоғалып кеткен

Мемлекет басшысы Ресей Президенті В.Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Соңғы жаңалықтар