"Қолхат алып, бірнеше әйелмен неке қия береді": ҚМДБ үш тоқалы бар еркектің әрекетін түсіндірді

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Үш әйелі бар ер адам: желі неге шулады?

Естеріңізде болса, желіде үш әйелі бар ер адам тоқалдарын асырай алмай отырғанын айтып, шағымданған болатын. Көпшілік оның бұл әрекетін сынға алып, түрлі пікірлерін жаудырған еді.

Олардың бірі ер адамға еңбек етіп, ақша тап десе, енді бірі асырай алмайтыны бар, үш әйелді не себепті алғанын айтып, жарыса пікір қалдырған болатын.

Айдарбекова неге ашуланды?

Аталған мәселеге тіпті продюсер Гүлзира Айдарбекованың өзі пікір білдірген еді. Ол ер адамның не өзі жұмыс істейтінін айтып, не жас әйелдеріне жұмыс істетуге рұқсат бермейтінін айтып, ашуланған еді.

«Ел не айтсада бәрібір болса, не үшін елді дүрліктіріп айтып жатыр екен. Еркек тұрмақ мына заманда, әйелдер балаларына тамақ керек болса. Жап-жас әйелдерін жұмысқа салуға қызғанатын мұсылмандық тағы уәжі бар шығар.

Бала-шағасын тастап, бөгде әйелмен махаббаты жарасып, өз отбасын тастап кетіп жатқан не болмаса әкелері мезгілсіз өмірден өткен қаншама отбасы бар, солар да алақанын жаймай ақ, кейбірі миллионер де болып жатыр. Бәрі тастанды жетім емес, сайрап тұрған тілдері бар, тепсе темір үзетіе азамат, әйелдері ыдыс жуса да өлмейді, жабыла жұмыс жасасын.

Кейінгі кезде ақша сұрағыштар өте көп, ия қазақ мейірімді, жесірін жылатпаған дейміз, бірақ 12 мүшесі саулар, сөйлегенде тілмаш бола тұра неге жұмыс жасауға келгенде мыйлары жетпей қалады екен.Тағы бір мәселе алаяқтық, аңғал адамдарға арамза молдалар көбейді. Адал еңбегімен жұмыс жасап жанын қинағылары келмей, түрлі жобалармен алдап, біреудің ақшасын оңай жолмен алаяқтықпен алып, бай болып көрінетіндердің есебі жоқ», - деп жазды ол. 

ҚМДБ не дейді: үш әйел алу қаншалықты заңды?

«Имамдар неке қиярда некеге отыратын жастардан Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөлімі берген куәлікті талап етеді. АХАТ куәлігі болмаса, өтініш бергені туралы анықтамасы сұралады. Ал АХАТ куәлігі де, анықтамасы да болмаса, екі жастың ата-анасы немесе әкесі не анасы жастардың алдағы уақытта АХАТ куәлігін алатынына кепіл болып, қолхат береді. Осыдан кейін ғана неке қиылады», – деп мәлімдеген ҚМДБ.

Айта кетейік, Қазақстанда көп әйел алу мәселесі әлі де өзекті. Қоғамда кейбірі оны қолдаса, басым көпшілігі ресми некесіз әйел алуға қарсы шыққан.