"Жас әйелдерін жұмысқа салуға қызғанады, не өздері ақша таппайды": Гүлзира Айдарбекова бірнеше тоқалы бар еркекті қатаң сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.28
  • 537.53
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жас әйелдерін жұмысқа салуға қызғанады, не өздері ақша таппайды": Гүлзира Айдарбекова бірнеше тоқалы бар еркекті қатаң сынға алды

"Жас әйелдерін жұмысқа салуға қызғанады, не өздері ақша таппайды": Гүлзира Айдарбекова бірнеше тоқалы бар еркекті қатаң сынға алды

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде бірнеше әйелін баға алмай отырған ер адамға қатысты өз уәжін айтты.

  • 20 Шiлде
  • 23
Фото: Instagram/Гүлзира Айдарбекова, abdulla_kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Мәселе қайдан шықты?

Естеріңізде болса, белгісіз ер адам үш бірдей әйелі барын айтып, желіде оларды асырай алмай отырғанын мәлімдеген еді.

Айтуынша, жұрттың олар туралы не ойлайтыны маңызды емес. «Біз бақытты өмір сүріп жатырмыз. Тек бір ғана қиындығымыз бар – қаражат мәселесі. Отбасымызға ақша жетіспейді», – деді ол.

Желіде көптеген мұсылман қауымының өкілдері ер адамға қолдау білдіріп, оған жанашырлық танытып, пікір қалдырған.

Айдарбекова не дейді?

«Ел не айтсада бәрібір болса, не үшін елді дүрліктіріп айтып жатыр екен. Еркек тұрмақ мына заманда, әйелдер балаларына тамақ керек болса. Жап-жас әйелдерін жұмысқа салуға қызғанатын мұсылмандық тағы уәжі бар шығар.

Бала-шағасын тастап, бөгде әйелмен махаббаты жарасып, өз отбасын тастап кетіп жатқан не болмаса әкелері мезгілсіз өмірден өткен қаншама отбасы бар, солар да алақанын жаймай ақ, кейбірі миллионер де болып жатыр. Бәрі тастанды жетім емес, сайрап тұрған тілдері бар, тепсе темір үзетіе азамат, әйелдері ыдыс жуса да өлмейді, жабыла жұмыс жасасын.

Кейінгі кезде ақша сұрағыштар өте көп, ия қазақ мейірімді, жесірін жылатпаған дейміз, бірақ 12 мүшесі саулар, сөйлегенде тілмаш бола тұра неге жұмыс жасауға келгенде мыйлары жетпей қалады екен.Тағы бір мәселе алаяқтық, аңғал адамдарға арамза молдалар көбейді. Адал еңбегімен жұмыс жасап жанын қинағылары келмей, түрлі жобалармен алдап, біреудің ақшасын оңай жолмен алаяқтықпен алып, бай болып көрінетіндердің есебі жоқ», — деп жазды ол. 

Айта кетейік, елімізде бірнеше әйел алуға заңмен тыйым салынған.