Луина: Анамның тірі екенін сеземін, бірақ онымен кездесіп қалудан қорқамын

Бұл туралы Луина “Гәкку FM” радиосының “Если честно” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Анамнан ешқандай хабар жоқ, өкінішке қарай. Ол үшін жалғыз ағам қатты алаңдайды. Мен бұған сабырлы қарап үйренгенмін. Ағам ол кезде әжептеуір есін білетін болғандықтан, оған қиын. Мен әлі бала едім, небәрі 5 жаста. Бірақ одан алған жарақатыммен әлі күнге дейін күресіп келемін”, – дейді Луина.

Әнші бір кездері анасына ренжігенін жасырмайды. Ол алғашқыда “анам бізді тастап кетті” деп ойлағанымен, кейіннен бұл ойынан айныған. Себебі анасы қандай да бір жағдайға ұшыраған болуы мүмкін деген тоқтамға келген.

“Бір күні анамды табатыныма, онымен кездесетініме сенемін. Мұны қалағанымнан емес, сезгендіктен солай айтып отырмын. Оның келетінін сеземін. Егер ол тірі болмаса, түсіме кірер еді, кішкене болса да меңзер еді деп ойлаймын. Бірақ ол жоқ, себебі тірі. Мен онымен кездесуге қорқамын. Мәселен, мына есіктің артында анам тұруы мүмкін деген ойдың өзі мен үшін қорқынышты. Бірақ бұл өмір. Бәрін қабылдап үйрену керек”, – дейді Луина.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында 19 жастағы қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болды

Данияр Елеусінов өзін Головкинмен салыстыратындарға жауап қатты

«Әлем аруы-2018» байқауының жеңімпазы жол апатынан қаза болды