Жарияланды: 50

Данияр Елеусінов өзін Головкинмен салыстыратындарға жауап қатты

Данияр Елеусінов өзін Головкинмен салыстыратындарға жауап қатты

Олимпиада чемпионы Геннадий Головкинді қатты құрметтейтінін, дегенмен әркімнің өз жолы бар екенін атап өтті

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов өзін Геннадий Головкинмен салыстыратындарға жауап берді, деп хабарлады prosports.kz.

"Геннадий – шыңда тұрған адам. Геннадийді қатты құрметтеймін, себебі ол өз салмағында бәрін істеді, нағыз чемпион. Біз оны құрметтейміз, жақсы көреміз, таңғаламыз. Әрине, менің өз жолым бар. Бұл түсінікті жайт, біз екі түрлі адамбыз. Мен де өз салмақ дәрежемде белбеулер ұтып алғым келеді. Бірақ менің дивизионым қиындау деп ойлаймын", — деді олимпиада чемпионы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Данияр Елеусінов өзінің атақты отандасының жетістігінен де жоғары межеге қол жеткізгісі келетінін айтқан еді. 

"Менің арманым – абсолютті, жеңілмеген әлем чемпионы болу. Ең алдымен, өз елімді танытқым келеді, бұл менің алғашқы мақсатым, егер бәрі ойдағыдай болса, мен бұл деңгейде ұзақ уақыт боламын. Мен спорттың бұл түрін және өз жұмысымды жақсы көремін", — деді Данияр.

Ұқсас тақырыптар:

Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы екінші қарсыласы белгілі болды

"Елеусіновті ертерек ұрып құлатқым келеді

Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі 28 сәуірде өтеді.
 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін