Caravan Logo

Мәжілістегілер елге пальма майының көптеп әкелінуіне алаңдаулы

Мәжілістегілер елге пальма майының көптеп әкелінуіне алаңдаулы

РФ мен Қазақстанға пальма майы тым көп әкеліне бастады, деп санайды Қазақстан парламенті төменгі палатасының вице-спикері Владимир Божко. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" жазды. 

"Жалған сүт өнімдері мен өсімдік майлары әдетте пальма майы есебінен жасалады, жыл сайын оның РФ мен Қазақстанға әкелінуі 40-50%-ға артып келеді. 3 жыл мен 2018 жылдың екі айы ішінде елімізге 46,6 мың тонна пальма майы әкелінді, оның негізгі тұтынушылары "Еуразия фудс", "Рахат" АҚ, "FG-VQ" ЖШС", – деді Владимир Божко дүйсенбіде палатада үкімет сағаты шеңберінде.

Вице-спикер еске салып өткендей, пальма майы қызған кезде елеулі канцероген болып саналады.

"Оның бізге әкелгендегі асқын тотығының қаншалықты екендігі беймәлім, Еуропада ол сан 0,5 мольден аспауға тиіс, бізде 10-ға дейін рұқсат етілген", – деді ол.


Оқи отырыңыз:

Қарағандыда 20 адам ауызашардан кейін ұшынып қалды

 Бәйгеге түсу үшін арсыздық пен қулық керек: Роза Әлқожа Мейрамбек Бесбаевқа ренжігенін айтты