Менингит індеті: Тоқаев денсаулық сақтау министрлігін сынға алды

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев менингит дертіне байланысты Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі жұмысын сынға алды.

"Менингит жұқпасымен күреске қатысты ахуал өте өрескел. Бейінді министрліктің жайбасарлығы мен шешімсіздігін кешіруге болмайды", — деп жазды Тоқаев парақшасында.

​Оның айтуынша, парламент сенаты депутаттары үкіметке сауал жолдайды.

Бұдан бұрын денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдегендей, елде менингит індеті таралған жоқ, тек ауру белең алып тұр. Министрдің сөзіне сүйенсек, менингококк жұқпасы елімізде үнемі туындап тұрады.

Соңғы деректер бойынша, жұқпалы дерт салдарынан 13 адам қаза тапты, бесеуі – 14 жасқа толмаған балалар.


 

Ұқсас тақырыптар:

Қазақстанда 12 адам менингиттен көз жұмды

"Тиімсіз әрі шығыны көп". Министр менингиттен вакцинациялау туралы

Алматы облысында 19 жастағы қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болды