Қазақстанда 12 адам менингиттен көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 12 адам менингиттен көз жұмды

Қазақстанда 12 адам менингиттен көз жұмды

Жыл басынан бері менингит жұқтырған 58 адам ауруханаға түскен

  • 4 Маусым 2018
  • 27
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда 12 адам менингиттен қайтыс болды. Олардың бесеуі – кәмелетке толмаған балалар. Бұл туралы бүгін ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жыл басынан бері 58 адам менингитпен тіркелді, оның арасында 18 науқас – 14 жасқа дейінгі балалар. Жыл басынан бері 12 адам аталған аурудан көз жұмды, олардың ішінде бесеуі – 14 жасқа дейінгі балалар", — деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Біртанов әр жылдары менингитпен ауырған және қайтыс болғандар санына тоқталды.

"2013-2014 жылдары 119 адам менингит жұқтырса, 2015 жылы – 424, 2016 —160, 2017 жылы – 62 адам ауырған. 2014 жылы 18 адам қайтыс болса, 2016 жылы – 7, 2017 – 11, биыл 12 адам ауырып көз жұмды", — деді ведомство басшысы.

Айтуынша, ең бірінші науқас 30 сәуір күні тіркелген.


"Өткен аптада менің бұйрығыммен республикалық штаб құрылды. Оған денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой жетекшілік етеді", —деді Біртанов.

 

Ұқсас тақырыптар:

"Тиімсіз әрі шығыны көп". Министр менингиттен вакцинациялау туралы

Алматы облысында 19 жастағы қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болды

 

Соңғы жаңалықтар