Менингит штамдарын Назарбаев университетінің ғалымдары зерттейді

Менингиттің штамдарын Назарбаев Университетінің ғалымдары зерттейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар комитетінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды Today.kz.

"Осы аптада ауруды қоздырғыштардың сынақтарын зерттей бастадық. Олардың Қазақстанның барлық аймағынан жинадық. ОЛар Астанаға жеткізілді. Қазір Назарбаев университетінің ғалымдарымен бірігіп, зерттеп жатырмыз. 2015-2017 жылдар аралығында жиналған ауру қоздырғыштардың сынақшалары бар. Салыстыра аламыз. Осыдан кейін істің мән-жайы анықталады. Бұған екі апта уақыт керек", – деді Жандарбек Бекшин.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері Қазақстанда 58 адам менингококк инфекциясын жұқтырып, менингитпен науқастанды. 13 адам осы дерттен көз жұмды. 

ҚР денсаулық сақтау министрі осы оқиғадан кейін Алматыға арнайы келіп, бірнеше аурухананы аралады. 

Сапар кезінде министр ауруханалардан бұйрықтар мен тапсырмалардың орындалмағанын анықтады. 


Сондай-ақ, министр Қаскелеңдегі инфекциялық аурухананың жағдайына көңілі толмай, жауып тастады. 

Ұқсас тақырыптар:

Қазақстанда 12 адам менингиттен көз жұмды

"Тиімсіз әрі шығыны көп". Министр менингиттен вакцинациялау туралы

Алматы облысында 19 жастағы қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болды