ОҚО-да құрғақшылық болуы мүмкін

Еліміздің өзге өңірлерінде су тасып халықты әбігерге салып жатқанда күнгейге қуаңшылық қаупі төніп тұр дейді мамандар. «Қазгидромет» мекемесінің болжамы бойынша таулы аймаққа түскен жауын-шашын мен қардың қоры шамадан 40-50 пайызға төмен болыпты. Ал «Қазсушар» өкілдері маусымдық кезеңде шаруаларды сумен қамтудың жолын іздестіруде, деп жазады otyrar.kz.

Бұл қала іргесіндегі Бадам су қоймасы. Жобалық көлеміне сай 60 млн. текше метр су жинайтын қойма бүгінде 87 пайызға толған. 1 жарым мың гектар суармалы жер осы көзден суарылуы тиіс. Онымен қоса кей шәуілдірлік шаруалар Бадам су қоймасынан ағын суын ажыратып келген. Алайда, мамандар биыл қажетті су көлемін жинау үшін бір тамшы суды ысырап қылмай барын салып жатыр.

Облыс аумағында 43 су қоймасы бар. Сыр бойындағы Шардара су қоймасының жобалық көлемі 5,2 млрд. текше метр. Бүгінде келіп жатқан су секундына 406 миллион текше метрді құрайды дейді мамандар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 296 млн. текше метрге аз. Өзге су тараптарында да ахуал жылдағыдай емес дейді жауаптылар.

Мамандардың сөзіне қарағанда маусымда ауылшаруашылығы дақылдарын суару үшін су қоймаларға орташа есеппен 63 пайызға жуық су жиналған. Көктем, жаз айларында құрғақшылық болатынын өткен жылдың қарашасында болжап қойған мамандар дихандарды құлағдар еттік дейді.


Мамандар көктемнің жауынына көп үміт артады.

Оқи отырыңыз:

Кемеровода қаза болғандар тізіміндегі үш адам тірі болып шықты

Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келеді